Түркияда үш күндік локдаун жарияланды

1337

Коменданттық сағат кезінде тұрғындар 10.00-ден 17.00-ге дейін азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, ауруханаларға бара алады, иттерді серуендетуге құқылы.

Түркияда үш күндік локдаун жарияланды Фото: rbc.ru

Түркия билігі үш күндік локдаун енгізілетінін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Түркияның ІІМ-нің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Өткен жұмада бұл елде бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейге жетті: 63 082 науқас тіркелді. 21 сәуірде дерттен қаза тапқандардыың саны да күрт өсіп кетті: 346 адам аурудан көз жұмды. 

"23 сәуір ұлттық тәуелсіздік және балалар күні болғандықтан, осы аптада көшеге шығуға енгізілген шектеу 22 сәуірде 19.00-де басталып, 26 сәуірде 05.00-де аяқталады", – деп жазылған құжатта.

Коменданттық сағат кезінде тұрғындар 10.00-ден 17.00-ге дейін азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, ауруханаларға бара алады, иттерді серуендетуге құқылы.

Наурыз айының соңында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған 81 түрік провинциясының 51-інде демалыс күндері коменданттық сағат енгізілетінін мәлім еткен еді. Қасиетті Рамазан айында 13 сәуірден 12 мамырға дейін елдегі барлық дәмханалар мен мейрамханалар тек жеткізу және алып кету режимінде жұмыс істейді.

Соңғы мәлімет бойынша, пандемия басталғалы бұл елде 4,45 миллион адам дертке шалдығып, оның 36 мыңнан астамы қайтыс болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу