Түркияда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

611

Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.

Түркияда ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

Түркияның шығысында барлау ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан қаауіпсіздік органдарының 7 қызметкері ажал құшты. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлім етті.

Оның айтуынша, марқұмдардың екеуі ұшқыш. Ресми дерек бойынша, ұшақ Ван провинциясында Артос тауының маңында 2,2 мың биіктіктен жерге құлаған.Ұшақ Ван провинциясындағы Ферит Мелен әуежайынан 15 шілдеде сағат 18.34-те барлау жұмыстарын жүргізу үшін ұшып кеткен, бірақ шамамен төрт сағат өткеннен кейін онымен байланыс үзілген. Қазір мамандар қайғылы оқиғаның неден болғанын анықтап жатыр.

Табиғат Нұрболат
Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу