Түркияда зауытта апат болып, 3 адам қаза болды

100

Самсун провинциясында орналасқан зауытта өндірістік апат орын алды.  

Түркияда зауытта апат болып, 3 адам қаза болды Фото: haberglobal.com

Қайғылы оқиға зауыттың ағынды су жиналатын резервуардағы сорғыны жөндеу кезінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үш жұмысшыны электр тоғы соғып, олар алған жарақатынан көз жұмған. Оқиға орнына келген құтқарушылар олардың денесін резервуардан шығарып, тиісті органдарға тапсырды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу