Түркия астанасы - Анкара қаласында Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды, деп хабарлайды фейсбукте Ержан Жүнісов атты қолданушы.
"Түркияның бас қаласында дүбірлі той! Бүгін Анкараның Кечиөрен ауданындағы көшеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жаңа көше айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының саябағы жанынан салтанатты түрде ашылды. Құтты болсын!",- деп жүрекжарды қуанышымен бөлісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу