Түркияда жарылыс болды

987

Түркияда жарылыс болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласының орталығында жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері аттанған, деп жазады Reuters-ке сілтеме жасаған "КоммерсантЪ". Жарылыс полицейлер курд мүддесін қорғаушы фракцияның  11 депутатын қамауға алғаннан кейін орын алып отыр. AFP дерегіне зер салсақ, жарылғыш зат полиция ғимаратының алдында іске қосылған, зардап шеккендер бар.

Түркияда сәтсіз аяқталған төңкерістен кейін елдегі жағдай күрт ушығып кетті. Шекараны қайта қарау және тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құру туралы әңгіме қазір қайта көтеріле бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу