Түркияда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

162

Тағы 57 адам жарақат алды. 

Түркияда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты Фото: АЗЕРТАДЖ

Түркияның Измир провинциясының Торбалы ауданындағы мейрамханада болған жарылыс болып, алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза тапты. Тағы 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, өрт сөндірушілер Айранджилар орамында орналасқан мейрамханадағы өртті ауыздықтады.

Түркия Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч әлеуметтік желіде хабарлағанындай, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:43-те болған қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. 
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Измир губернаторы Сүлейман Эльбан журналистерге жарылыстан айналадағы 11 ғимараттың зақымдалғанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу