Түркияда жарылыс жасамақ болған шешен жігіт қолға түсті

762

Түркияда жарылыс жасамақ болған шешен жігіт қолға түсті

Сириядан Түркияға босқын ретінде кіріп, Газиантепте өзін-өзі жармақ болған ДАИШ мүшесі қолға түсті, деп хабарлайды En son haber.

Лаңкес Шешенстан азаматы болып шыққан. Түркияда жарылыс ұйымдастыруы мүмкін деген ақпарат алған Килис жандарм қызметкерлері босқындар арасынан 29 жастағы Шешенстан азаматын ұстады. Тінту кезінде оның бойынан 2 қол гранатасы, 750 грамдық C4 жарылғышынан жасалған жанкешті белдігі тәркіленді.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің тергеуінен кейін лаңкес ДАИШ талабымен Раккадан арнайы Газиантеп қаласында жанкешті жарылысын ұйымдастыру үшін келгенін мойындады. ДАИШ содыры темір торға тоғытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу