Түркияда жас келіншек 1 жасар баласын теңізге лақтырып жіберген

279

Бүлдіршін ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.

Түркияда жас келіншек 1 жасар баласын теңізге лақтырып жіберген Фото: LiveJournal

Түркияның Измир қаласында жаға ұстатарлық жай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Haberturk.com таратқан мәліметке сүйенсек, 30 жастағы әйел Бенгилер ауданында теңізге түсіп, ол жерде кішкентай сәбиін тастап кеткен.

Оқиғаның куәгерлері баланы дереу судан алып шығып, медициналық қызметкерлерді көмекке шақырған. Дәрігерлер баланы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызды.

Әйел оқиға орнында ұсталды. Алдын ала деректерге сәйкес, оның психикалық бұзылысы бар. Қазіргі кезде ол қамауға алынды, қажетті процедуралардан соң сотқа тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу