Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйдің мердігері 18 жылға сотталды

10079

Прокурорлар мен марқұмдар жағы соттан Демирерге ең жоғары жаза тағайындауды сұраған болатын. 

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйдің мердігері 18 жылға сотталды Фото: Anadolu Agency

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйдің мердігері Мүслим Демирер 18 жыл бір жарым айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Anadolu басылымының жазуынша, Түркияда бір жыл бұрын болған жер сілкінісі кезінде қираған үйлерге байланысты сот процесі әлі де жалғасуда. Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан еді. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қаза болған.

Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Алайда Демирердің ұлы да зілзала кезінде үйі құлап, үйінді астында қалып қаза табуына байланысты мерзімі қысқарды.

Прокурорлар мен марқұмдар жағы соттан Демирерге ең жоғары жаза тағайындауды сұраған болатын. 

Естеріңізге салсақ, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында эпицентрі Кахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі ірі жер сілкінісі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу