Түркияның Кахраманмараш провинциясындағы екі жойқын жер сілкінісінің құрбандарының саны 31 643-ке жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
AFAD мәліметтері бойынша, Кахраманмараш провинциясының Пазарджик және Эльбистан аудандарында жер асты дүмпуінен кейін сейсмологтар 2 724 жер сілкінісін тіркеді.
Кахраманмарашпен бірге зілзала Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османийе, Хатай, Килис, Малатия мен Элазиг провинцияларында болып, ғимараттардың қирауына әкелді.
Апат аймағы болып есептелетін он провинциядан жалпы саны 158 165 адам эвакуацияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу