Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 35,4 мың адамнан асты

1156

Түркия президенті апат аймағындағы жағдай туралы айтты.  

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 35,4 мың адамнан асты Фото: РИА Новости

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 35 418-ге жетті, тағы 105 505 адам жарақат алды. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған Республика кабинеті отырысының қорытындысы бойынша телеарнада мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Кеңес Анкарадағы түрік ТЖ салдарын жою басқармасының (AFAD) штаб-пәтерінде өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, апат кезінде жарақат алған 13 208 адам қазіргі уақытта елдегі ауруханаларда емделуде.

Түрік көшбасшысы әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар Түркиядағы жойқын жер сілкіністерін "ерекше табиғи құбылыс" деп бағалағанын атап өтті.

Президент Ердоған апат аймағында іздестіру-құтқару және т.б. жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмылдырылғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Түркия билігі келесі айдан бастап жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған 30 000 үй салуға кірісетінін айтты.

Ердоғанның айтуынша, қазіргі уақытта жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жалпы саны 1,6 миллион адамның тұрғын үйге деген қажеттілігі қанағаттандырылған.

"Жер сілкінісі аймағында 175 мыңнан астам шатыр, 5,4 мың контейнерлік типтегі үй орнатылды", - деді ол.

Сондай-ақ, түрік басшысы апат аймағында 28 мың түрік әскері кезекшілік ететінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу