Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40,6 мыңнан асты

735

Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған екі жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 40 642 адамға жетті.

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40,6 мыңнан асты Фото: ria.ru

Бұл туралы Анкарада өткен брифингте Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.

"Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды", - деді AFAD басшысы.

Сезер жер сілкінісінен зардап шеккен провинциялардағы тұрғын үй қорының 50 пайыздан астамының жағдайын бақылау аяқталғанын айтты.

AFAD басшысы тек өзі басқаратын департамент желісі арқылы ғана апат аймағынан 430 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын атап өтті.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркиядағы қоқыстарды жоюға 88 елден 11 мың құтқарушы қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу