6 ақпан күні Қахраманмарашта болған зілзалада қаза тапқандар саны 50 мың 96-ға, ал жараланғандар саны 107 мың 204-ке жетті, деп хабарлайды İnbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарға қатысты тергеу аясында 300-ге жақын күдікті ұсталды. Оның 104-і мердігер, 161-і ғимаратқа жауапты, 15-і меншік иесі және қалған 18-і ғимаратқа өзгеріс енгізгендер.
Сезердің айтуынша, жер сілкінісі болған 11 провинцияда барлығы 1 миллион 895 мың 348 ғимарат зақымданған.
Ал 6 ақпан мен 19 наурыз аралығында 7 жоғары балдық зілзала және 18 738 кейінгі дүмпулер тіркелді.
Сонымен қатар апат аймағына 90 елден 11 мың 488 адам көмекке келген.