Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 200-ден асты

138

Жер сілкінген кезде дүрбелеңнен көптеген адам биіктен секірген. 

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 200-ден асты Фото: LightRocket via Getty Images

Ыстанбұлда болған күшті жер сілкінісі салдарынан 236 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Жер сілкінген кезде дүрбелеңнен көптеген адам биіктен секірген. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Түркияның денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы мәліметті әлі айтпады.

Жер сілкінісінің ошағы Мәрмәр теңізінде, Ыстанбұлдан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі 13 секундқа созылды және онымен бірге 100-ден астам жерасты дүмпуі болды, олардың ең күштісі 5,9 балды құрады. Жерасты дүмпулері бірнеше провинцияда, соның ішінде Измирде де сезілді. 

Ыстанбұл тұрғындары жерасты дүмпулерінің қайталануынан қорқып, көшеге шықты. Үйде отырғысы келмейтіндер үшін билік спорт залдары мен мешіттер ашты. Ондаған ғимарат зақымданды, бірақ тек біреуі ғана құлады – ол ескі және бұрыннан қараусыз қалған еді.

Шенеуніктер Түркияның сейсмикалық белсенді аймақ екенін және 2030 жылға қарай Ыстанбұл аймағында күшті жер сілкінісі болу ықтималдығы 64%-ға бағаланатынын еске салып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу