Түркияда жоғалып кеткен төрт қазақстандық туралы ресми ақпарат жоқ

612

Олармен жақындары мен ата-аналары хабарласа алмай жатыр. 

Түркияда жоғалып кеткен төрт қазақстандық туралы ресми ақпарат жоқ Фото: Азаттық радиосы

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза төрт Қазақстан азаматының үшеуі Хатай провинциясында, біреуі Адана қаласында жоғалғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алайда елші бұл деректер ресми ақпарат емес, әлеуметтік желілерде жарияланған хабарлама екенін ескертті. Жоғалған не зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ресми ақпарат жоқ.

"Бірақ әлеуметтік желілерде Қазақстанның Түркиядағы бір азаматы жер сілкінісі аймағында жоғалып кеткені туралы ақпарат бар. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні басқа ақпарат жоқ. Соңғы естігенім, Қазақстанның төрт азаматы жоғалып кетті",  - деді Уфук Экиджи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу