Бүгін Астана уақытымен таңғы алтыда Ыстамбұлдан Токат қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы жоғары жылдамдықпен жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғысты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 18 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, кей азаматтың жағдайы ауыр.
Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тергеу басталып, зардап шеккендердің аты-жөні анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу