Түркияда жүк кемесі теңізге батып кетті

926

Түркияда жүк кемесі теңізге батып кетті

Темір рудасы тиелген Bilal Bal кемесі Қара теңіздің Эригли портына келе жатқанда, Түркияның Шиле қаласына жақын маңда суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәрмәр теңізінің Гемлик портынан шыққан түрік кемесінде 13 адамнан құралған экипаж болған. Олардың барлығы Түркия азаматтары.

Түркия жағалау қызметі іздеу-құтқару операциясы барысында экипаждың 4 мүшесінің денесін тапты. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кеме 1974 жылдан бері пайдаланылып келеді. Корреспондент.net-тің хабарлауынша, бұрын Босфор бұғазында да құрғақ жүк тасымалдайтын Leonardo кемесі қақ ортасынан бөлініп кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу