Түркияда жұмыссыздық деңгейі төмендеген

765

Қаңтар айында елдегі жұмыссыздар саны 3 миллион 424 мыңға жетті. 

Түркияда жұмыссыздық деңгейі төмендеген Фото: google

Қаңтарда Түркияда жұмыссыздық деңгейі желтоқсанмен салыстырғанда 0,5 тармаққа төмендеп, 9,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Түркия статистика комитеті (TUIK) қаңтар айына қатысты жұмыс күші статистикасын жариялады.

Осыған сәйкес ел көлемінде 15 және одан жоғары жастағы жұмыссыздар саны қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 166 мың адамға азайып, 3 миллион 424 мыңға жетті. Ал жұмыссыздық деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,5 тармаққа төмендеп, 9,7 пайызды құрады. Осылайша, 2022 жылдың тамызындағы көрсеткішке алғаш теңесті. Себебі өткен жылдың тамыз айында жұмыссыздық 9,7 пайызға жеткен.

Ал өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 1,5 тармаққа төмендеді. Аталған айда 15-24 жас аралығындағы жұмыссыздық көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа артып, 20,2 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2021 және 2022 жылдарға арналған жұмыссыздық деректері қайта қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу