Түркияда жыл өткен сайын балалар саны азайып барады

1235

Түркия халқының 26,5 пайызын балалар құрайды. 

Түркияда жыл өткен сайын балалар саны азайып барады Фото: trt.haber

Түркия статистика институтының мәліметінше, 2022 жылдың аяғында Түркияда 17 жасқа дейінгі балалар саны 22 миллион 500 мыңнан асты, яғни ел халқының 26,5 пайызын құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.  

Мекен-жай бойынша халықты тіркеу жүйесінің нәтижелеріне сүйенсек 2022 жылдың соңында Түркия азаматтарының саны 85 миллионнан асты. Оның 22 578 378-і балалар. Олардың 51,3 пайызы ұлдар, 48,7 пайызы қыздар.

БҰҰ мәліметіне қарағанда Түркияда балалар саны жыл өткен сайын азайып барады. Мәселен, 1970 жылы 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Түркия халқының 48,5 пайызын құраған. Ал 1990 жылы бұл көрсеткіш 41,8, 2022 жылы 26,5 пайызға дейін төмендеген.

Демек, демографиялық болжам бойынша осыдан 50 жыл бұрын Түркиядағы халықтың 48,5 пайызын құраған балалардың үлесі 2030 жылы -25,6 пайызды, 2040 жылы - 23,3, 2060 жылы - 20,4, ал 2080 жылы небәрі 19 пайызды құрайды деген болжам бар.

Сонымен қатар өткен жылы бала саны ең жоғары көрсеткішке 44,9 пайызбен Шанлыурфа қаласы ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу