Түркияда жылдан-жылға жастар азайып барады

197

Түркия халқының жалпы саны 85 миллион 372 мың 377 адамды құрады.

Түркияда жылдан-жылға жастар азайып барады Фото: aa.com.tr

Олардың ішінде жастардың үлесі жылдан-жылға қысқарып келеді. 2013 жылы 16,6% және 2022 жылы 15,2%-ды құраған 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі 2023 жылы 15,1%-ға дейін төмендеді. Толығырақ Sözcü басылымы хабарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықты тіркеудің адрестік жүйесінің (ADNKS) мәліметтері бойынша, 2023 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Түркияның жалпы халқы 85 миллион 372 мың 377 адамды құрады, оның ішінде 15-24 жас тобындағы жас тұрғындар саны — 12 миллион 872 мың 39 адам.

Жас халықтың 51,3%-ы ер адамдар, ал 48,7%-ы әйелдер. Сонымен қатар, 1950 жылы жастардың үлесі халықтың жалпы санының 20,8%-ын құрады.

Демографиялық болжамдарға сәйкес, Түркиядағы жас халықтың жалпы санындағы үлесі 2030 жылы 14,0%-ға, 2040 жылы 13,4%-ға, 2060 жылы 11,8%-ға және 2080 жылға қарай 11,1%-ға дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу