Түркияда зілзала кезінде құлаған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 160 адам қамауға алынды

761

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйлерге қатысты іс бойынша 160 адам қамауға алынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда зілзала кезінде құлаған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 160 адам қамауға алынды Фото: Anadolu Agency

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, апат аймағында орналасқан провинциялар прокуратурасының шешімдерімен 6 ақпаннан бері қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен барлығы 564 адам ұсталған.

Кейін ұсталғандардың 160-ы қамауға алынып, 175 күдікті сот бақылауына қалған. Сонымен қатар, 71 күдікті қамауға алынып, 61 адамды қамауға алу туралы санкция берілді.
 
Апат аймағындағы ұрлық фактілерін прокуратура тексеріп жатыр.
 
Айта кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).
 
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42,3 мыңнан асты.
 
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жалпыұлттық аза тұту жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу