Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мың 500-ге жетті

708

Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. 

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мың 500-ге жетті Фото: Anadolu agency

Бүгін Түркияның ішкі істер министрі жер сілкінісінің орталығы Қахраманмарашқа барып, зілзаладан кейін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің айтуынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мың 500 адамға жеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trt.haber-е сілтеме жасап.

6 ақпандағы апаттан кейін 27 мың 84 кейінгі дүмпулер тіркелген, оның 11 мың 50-і Қахраманмарашта болған. Қалада 11 мың 808 ғимарат қиратылды.  

Бұл ғимараттардың 9970-і, яғни 84,43 пайызы зілзала кезінде қирады, үйінді ретінде шығарылды. Пазаржык ауданындағы жұмыстар толық бітті. Елбістандағы ауылдарды қоспағанда ол жерде де үйінділерді шығару жұмыстары аяқталды. Мәдениет және туризм министрлігіне қатысты  кейбір ғимараттар қалды. Аталмыш министрліктің шешімін күтеміз.

Ал қазір зілзаладан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан берілетін қолдау жалғасып жатыр. Қайтыс болған 39 мың 689 адамның туыстарына қаражат төленген. Оның айтуынша, бұл мәселе мұрагерлік туралы заң аясында жүзеге асырылып жатыр. Өкінішке орай, қайтыс болған 5 мың адамның туыстары жайлы әлі деректер жоқ.  

Қазіргі таңда 727 мың шатырда жер сілкінісінен аман қалған 2 миллион 900 мың адам тұрып жатыр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу