Түркиядаға қандастарымыз дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына асығуда

843

Түркиядаға қандастарымыз дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына асығуда

Еліміздің Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Ыстамбұл қаласында қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

Басқосуға "Йассауи" білім және парасат қоры "Қазақ түріктері" қоғамы мен білім және зерттеу орталығының төрағалары кәсіпкерлер мен абыз ақсақалдар қатысты. Отырыста қазақ-түрік ынтымақтастығын арттыру жолдары мен атажұрттан алыста жүрген қандастарымыз арасында қазақ тілі мен ұлттық дәстүрді дәріптеу жайы кеңінен талқыланды.

Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлда қазақ және түрік тілдерінде әр тоқсан сайын "Қазақ елі" журналы жарық көреді. Басылым жергілікті оқырмандарға Қазақстанның саяси-экономикалық, ғылыми-әлеуметтік саладағы өзекті ақпараттарды таратып отыр. Сондықтан осы келелі кездесуде журналдың тиражын арттырып, мазмұнын байыту жайында сөз болды. Сондай-ақ, елші Абзал Сапарбекұлы қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын Түркияда жан-жақты насихаттау үшін аударма ісін мықтап қолға алып, осы бағытта жүйелі еңбек етудің маңызына тоқталды. Өз кезегінде, қандастарымыз маусымның 22-сі мен 25-і аралығында Астанада өтетін дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына үлкен дайындықпен баратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу