Қала әкімдігі синоптиктерге сілтеме жасай отырып, қаланың басым бөлігінде жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауатынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz.
"Азаматтардан қырағылық танытып, жауын-шашынның салдарынан сел, су тасқыны, торнадо, бұршақ, қатты жел, көктайғақ болуы мүмкін болғандықтан аллын-ала шара қабылдауды сұраймыз", — делінген Аланья әкімдігінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа мен Адыяман провинцияларында нөсер жаңбыр су тасқынын тудырып, нәтижесінде кем дегенде 15 адам қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу