Түркиядағы дауыл Димаштың концертіне кедергі келтірді

518

Димаштың Түркиядағы концертінің уақыты өзгерді.  

Түркиядағы дауыл Димаштың концертіне кедергі келтірді Фото: esquire.kz

Димаш Құдайберген дауылды ескертуге байланысты Антальядағы концерті өтетін орын ауыстырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Құрметті достар! 6 мамырға Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың"Stranger"концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO 2016 аумағында орналасқан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына ауыстырылатынын хабарлаймыз", - делінген әншінің парақшасындағы хабарламада. 

Сондай-ақ барлық көрермен сағат 16:00-20:00 аралығында Ақдениз стадионынан жаңа алаңға дейін және кері бағытта тегін трансфер ұйымдастырылатыны айтылған. Кері қайтушыларға уақыт шектеуі жоқ. Концерт залына өз бетімен жетуге де болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу