Түркиядағы грек-рим турнирінен спортшылар олжалы оралды

1037

Түркияда грек-рим күресінен рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.  

Түркиядағы грек-рим турнирінен спортшылар олжалы оралды

Одан бөлек, алты спортшы бесінші орын иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Бас бапкер Серік Жұмашевтің айтуынша, балуандар өз деңгейінде өнер көрсеткен.

"Турнирге 15 мемлекеттің балуандары қатысты. Қазақстан командасы жалпы есепте 28 спортшыны жарысқа қосқан болатын. Оның ішінде бесеуі жүлдеге ілікті. Бір алтын, бір күміс, үш қола медаль бар. Одан бөлек, қола жүлдеге таласқан алты спортшымыз жеңіліп қалды. Жалпы алғанда, бұл биылғы маусымның беташар жарысы. Қай балуанның дайындығы қай деңгейде екенін бақыладық. Енді алдағы бәсекелерге дайындаламыз", – деді Жұмашев. 

Айта кетелік, Түркия жеріндегі жалғыз алтынды Ернұр Фидахметов жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу