Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер:
63 келі: Елдос Ысқақ, Әлімжан Серікбаев;
68 келі: Эльдар Бірімбай
74 келі: Қайрат Сарымсақов, Лес Әбдусамат;
80 келі: Нұрқанат Қожахмет, Нұрлан Мырзабаев;
+87 келі: Смайыл Дүйсебай, Руслан Жапаров.
Қыздар:
49 келі: Фариза Алдоңғарова;
73 келі: Дениз Жансель.
"31 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық турнирге аттанамыз. Ал ақпан айының оныншы жұлдызына таман Оңтүстік Кореяда бірлескен жаттығу жиынына қатысамыз. Осыдан соң, наурызда өтетін Азия чемпионаты мен сәуірде өтетін лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар іріктеледі. Азия біріншілігі Ливанның Бейрут қаласында, лицензиялық турнир Қытайдың Уси қаласында ұйымдастырылмақ. Біздің басты мақсат – Олимпиада ойындарына жолдама алып, құрлық додасынан жүлдемен оралу", – дейді аға бапкер