Түркиядағы зілзала туралы хабар шыққалы бері министрліктің тәулік бойы жұмыс істейтін жедел қызметіне 1000-нан астам қоңыраулар түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Негізінен Түркия аумағында туыстарын табуға өтініштер түскен. Оған қоса Түркиядағы дипломаттарымызға қоңыраулар мен өтініштер түсіп жатыр.
"Олар осы бірнеше күннің ішінде 150-ден астам отандастың орналасқан жерін анықтап, Қазақстандағы туыстарымен байланыс орнатуға көмектесті.
Дипломаттар ең көп зардап шеккен Газиантеп, Антакия мен Қаһарманмараш қалаларына барды", - деді СІМ өкілі.
Көбіне адамдарды қауіпсіз жерге көшуге қатысты шаралар қолға алынды. Барлығы 124 қазақстандық зардап шеккен аудандардан көшірілді, 58 адам Қазақстанға ұшақпен оралды.