Түркиядағы Қазақстан азаматтары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі.
Анкара қаласында орналасқан 286 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-де ашылды. Онда Анкара қаласынан бөлек Түркияның 21 провинциясынан қазақстандық студенттер келіп дауыс беруде. Олар Қазақстан елшілігі ұйымдастырған арнайы көліктермен келген. Сайлаудағы бақылаушылардың айтуынша Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары белсенділік танытып жатыр.
Сонымен қатар елшілік Анкарада білім алып жатқан студенттер үшін де арнайы көлік ұйымдастырған.
Ал дауыс бергеннен кейін жастар арасында спорттық жарыстар өтеді.