Түркиядағы Қазақстан студенттерін отандық ЖОО-лар қабылдауға дайын – Саясат Нұрбек

1133

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда оқып жатқан студенттерді қазақстандық университеттер қабылдауға дайын екенін айтты.

Түркиядағы Қазақстан студенттерін отандық ЖОО-лар қабылдауға дайын – Саясат Нұрбек Фото: Хабар24

"Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде  оқып жүрген, оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды, қандастарымызды қиын жағдайларда қазақстандық студенттерді қабылдауға дайынбыз. Ол үшін  қабылдау ережелерін өзгерттік.

Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстар кезінде ғана ауысатын болса, енді  қиын жағдайларда біздің университеттер қабылдауға дайын", - деді ол Үкімет кулуарында.

Айта кетсек, бұған дейін СІМ Түркияда Қазақстанның 75 мың азаматы жүргенін хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу