Түркиядағы президент сайлауына 3 күн салғанда бір кандидат үміткерліктен бас тартты

989

"Memleket" партиясы атынан сайлауға түскен Мухаррем Инже үміткерліктен бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Түркиядағы президент сайлауына 3 күн салғанда бір кандидат үміткерліктен бас тартты Фото: Twitter

Түркиядағы президент сайлауына үш күн қалғанда президенттікке кандидат “Memleket” партиясының төрағасы Мухаррем Инже үміткерліктен бас тартқанын мәлімдеді. Инже бұл шешімді Түркия үшін қабылдағанын айтты.

"Мен Түркияға үшінші нұсқаны ұсындым. Ұлт та, республика да емес, жалғыз жол – туған жер дедім. Ататүріктің жолымен жүруге тырыстым. Алайда сәтсіздікке ұшырадық. Олардың сылтауы қалмасын (оппозиция). Әйтпесе, сайлаудан жеңіліп қалған соң, бар кінәні бізге жүктейді. Мен президенттікке үміткерліктен бас тартамын", - деді ол.

Соңғы уақытта бұл кандидат жайлы әлеуметтік желілерде түрлі айыптаулар тараған. Кеше денсаулығына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатты.

Айта кетейік, Мухаррем Инже президенттікке кандидат ретінде ұсынылған күннен бастап баспасөз беттерінде "үміткерліктен бас тартуы мүмкін бе?" деген сұрақ туындаған. Ұлт альянсы атынан сайлауға түскен Кемал Кылычдароғлумен болған кездесуден кейін Инже баспасөзге үміткерліктен бас тартпайтынын мәлімдеген. 

Мухаррем Инженің үміткерліктен бас тартқаны жайлы Президент Ердоған "Бәрінен де менің халқым беретін шешім маңызды" деді. Ал президенттікке үміткер Кемал Кылычдароғлу "Келіспеушіліктерді ұмытайық, Инже мырзаны алты үстелге шақырамын" деп жазды. Мухаррем Инже 2018 жылы республикалық халық партиясы атынан президент сайлауына түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу