Түркиядағы Ресей елшісі өзіне жасалған қарулы шабуылдан көз жұмды – РФ СІМ

899

Түркиядағы Ресей елшісі өзіне жасалған қарулы шабуылдан көз жұмды – РФ СІМ

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың қаза тапқанын растады. Оған  Анкарада қазіргі заманғы өнер орталығында қарулы шабуыл жасалған болатын. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отыр. Анкарада көз жұмған елшінің өліміне қатысты мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері алдына қойылады, деп мәлім етті ведомство.

Hurriyet-тің мәліметі бойынша, қазіргі заман өнері орталығында барлығы 15-тен 20-дейін оқ дауысы естілген. Басылымның жазуынша, қаскөй алдымен орталықтың залында оқ жаудырып, мұнан соң Карловтың арқасынан атып салған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу