Түркиядағы сайлау кезінде жанжал шығып, үміткер қаза тапты

366

Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Түркиядағы сайлау кезінде жанжал шығып, үміткер қаза тапты Фото: news.myseldon.com

Бірінші жағдай Диярбакыр облысының Сур ауданындағы Огочлидара төңірегінде болды. Муниципалдық сайлауға дауыс беру кезінде тәртіпсіздіктер болды. Жанжал кезінде тас, таяқ, тіпті тапанша қолданылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 44 жастағы Эмин Челик қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Зардап шеккендер қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

Оқиға кезінде аймаққа жіберілген екі жедел жәрдем көлігіне де шабуыл жасалған. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті құқық қорғау ұйымдары аймақта қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр.

Бурса облысында да төбелес болып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жанжалға 32 жастағы Юсуф Йигит есімді жігіттің екі туысы мемлекеттік қызметке ұсынылғанына қарамастан, ол ауыл басшысы лауазымына басқа жергілікті рудан шыққан кандидатты қолдауы себеп болған.

Жас жігіт пен оның екі туысының арасында төбелес шығып, салдарынан туыстарының бірі мылтық алып, оқ жаудырған. Жас жігіт сол жерде көз жұмды, екі адам зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу