Түркияда ондаған адам су тасқынының құрбаны болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің төтенше жағдай және апат жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.
Елдімекендердегі жолдар, ғимараттардың бірінші қабаты мен көліктер судың астында қалды. Апат салдарынан бірнеше тұрғын үй қирап қалған. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Олардың 25-і Кастамону провинциясыда, екеуі Синоп провинциясында ажал құшқан. Құтқару қызметті із-түзсіз жоғалып кеткен бір адамды іздестіріп жатыр.
11 тамызда Түркияның солтүстігінде қатты нөсер жауып, салдарынан су тасқыны жүрді. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Қара теңіз жағалауы зардап шеккен. Қазіргі уақытта зардап шеккен провинцияларда іздестіру-құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Табиғат Нұрболат