Түркияда қонақ үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 76 адамға жетті

258

Қонақ үй ішінде 200-ден астам адам болған. 

Түркияда қонақ үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 76 адамға жетті Фото: © REUTERS/Mert Ozkan

Түркияның солтүстік-батысындағы Карталкая тау-шаңғы курортындағы қонақ үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт шыққаннан кейін кейбір адамдар терезеден секірмек болған, салдарынан кемінде екі адам көз жұмды. Басқа қонақтар көрпелерді байлап, төмен түсуге тырысқан. Басылымның жазуынша, қайтыс болған 52 адамның денесі табылды. Болу провинциясындағы Grand Kartal қонақ үйінде өрт шыққан сәтте 238 қонақ болған. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая айтты.

Ғимараттағы өрт 10 сағаттан кейін ауыздықталған. Өртті сөндіруге 200-ден астам адам жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жаумен күресуге ондаған өрт сөндіру машиналары жіберіліп, 38 жедел жәрдем көлігі келген. Қонақ үйдің тау бөктерінде орналасуы құтқару жұмыстарын айтарлықтай қиындатқан.

Ішкі істер министрлігі 9 адамның қамауға алынғанын хабарлады. Оның ішінді қонақ үй иесі де бар. 

Карталкая тау-шаңғы курорты Ыстамбұлдан 270 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу