Кеше, 23 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 шамасында Анкарада түрік аэроғарыш компаниясы TUSAŞ зауытының орнында теракт болғаны хабарланды. Ақпаратты X әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауабына сүйенсек, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.
Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Лаңкестердің бірі әйел.