Түркиядағы төтенше жағдай тағы 3 айға ұзартылды

707

Түркиядағы төтенше жағдай тағы 3 айға ұзартылды

Түркия үкіметі елдегі төтенше жағдайды тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылдады. Ұсыныс парламенттің мақұлдауына жіберілді.

Елдің вице-премьері Нуман Куртулмыштың хабарлауынша, төтенше жағдай 19 сәуірден бастап енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейінгі төтенше жағдай өткен жылдың жазында әскери төңкерістен кейін жарияланған болатын. Содан бері бірнеше рет ұзартылды. Сонымен қатар Ыстамбұл мен өзге де қалаларда референдум қорытындысына қарсы ереуілдер толастамай тұр.

Естеріңізде болса, елдің басты құжаты конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум жексенбі күні өтті. Оны қолдағандер 51,5 пайызбен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу