Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалімдер директорын сотқа беріп, жеңіліп қалды

14520

Олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.   

Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалімдер директорын сотқа беріп, жеңіліп қалды Фото: коллаж inbusiness.kz

Қызылордалық екі мұғалім мектеп директорына "қысымммен жұмыстан шығарды" деп арыз түсіріп, сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, былтыр қызылордалық екі мұғалімнің Стамбулдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуында жүрген видеосы желіде тарап кеткен еді. Шулы оқиғадан соң қармақшылық екі мұғалім желідегі жұрттың және білім саласы басшыларының сынына қалып, кейін жұмыстан кеткені хабарланған.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақова сот шешіміне келіспейді, олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу