Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 22-ге жетті

1830

Ал 39 адам үйінді астынан шығарылды. 

Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 22-ге жетті

Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындар өміріне қауіп жоқ.

Түркияның Малатия провинциясындағы Доганёль аймағында болған қатты жер сілкінісі салдарынан төрт адам, Элазиг провинциясында 18 адам қаза тапты.

Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Соилу мәлім етті деп хабарлайды Анадолы.

Оның айтуынша, күшті жер сілкінісінен кейін, құтқарушылар үйінділер астынан 39 адамды шығарды.

"Біздің мәліметтерімізге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ", - деді Силу.

24 қаңтарда Түркияның шығысында жергілікті уақытпен сағат 20: 55-те 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы Элазиг провинциясындағы Сивридж округінде болды. Түркия үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету басқармасы (AFAD) мәліметтері бойынша, жер сілкінісінен кейін 4,0 немесе одан жоғары 228 дүмпу тіркелген. Жер асты дүмпулері Элязигке іргелес провинцияларда (Адана, Хатай, Османие, Тунжели, Газиантеп, Санлиурфа, Малатия, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери), сондай-ақ Сирияның солтүстігінде сезілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу