Түркиядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1014 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісінің құрбандары саны 1000-нан асты, кемінде жеті мың адам жараланды.
Басқарманың мәліметінше, Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатия және Хатай провинцияларында 2824 ғимарат қираған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу