Түркиядағы жер слікінісі 103 миллиард доллар шығын әкелді

863

​Елдің Қаржы министрлігі бұл сома 1999 жылы Мәрмәр теңізі аймағында болған зілзаладан 6 есе көп екенін айтты.

Түркиядағы жер слікінісі 103 миллиард доллар шығын әкелді Фото: Ашық дерек көздерінен

Қахраманмараштағы жер сілкінісінен ел экономикасына келген шығын шамамен 103 миллиард долларды құрады.

Бұл көрсеткіш осы жылы күтілетін ұлттық табыстың 9 пайызына сәйкес келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттік стратегия және бюджет бөлімі Қахраманмараштағы зілзаланың ел экономикасына тигізген зияны туралы есеп жариялады. Онда бұл жолғы апат 1999 жылы Мәрмәр теңізі аймағында болған жер сілкінісі шығынынан 6 есе көп екені айтылған. Зілзала Түркияға шамамен 103 миллиард доллар шығын (2 триллион лира) әкелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы күтілетін ұлттық табыстың шамамен 9 пайызына сәйкес келеді.

Айта кетейік, жер сілкінісінің түрік экономикасына келтірген шығынының 56,9 миллиард долларын тұрғын үйлер құрайды.

6 ақпан күні Түркияның Қахраманмараш қаласында болған алапат зілзаладан 48 мыңнан астам адам қаза тапты. Мыңдаған ғимарат қирады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу