Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3 мың 381 адамға дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркиядағы төтенше жағдайлар басқармасының жер сілкінісі және тәуекелдерді азайту бөлімінің бас директоры Орхан Татардың айтуынша, осы сағатқа дейін жер сілкінісі салдарынан 3381 адам қаза тауып, 20 436 адам жараланғаны белгілі.
Зілзала салдарынан 5575 ғимарат құлаған.
Ал, Сирияда соңғы мәліметтерге сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 700-ден астам адам қайтыс болды, 1430 адам зардап шеккен. Онда да қазір үйінді астында қалғандарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында 7,5 балдық қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілген.