Түркиядағы зілзала: Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды

1046

Оның ішінде 10 бала бар.

Түркиядағы зілзала: Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын бастағалы 7 адамды құтқарды. Сондай-ақ қайтыс болған 88 адамның (10 бала) мәйітін үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккендерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетуде. Осыған дейін 140-тан астам жергілікті тұрғынға, соның ішінде 17 балаға медициналық көмек көрсетілді. Олардың ішінде стрестің жедел реакциясымен, салқын тию, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым.

Іздестіру жұмыстары басталғалы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты төтенше жағдай аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру, төтенше жағдайдың күрделенуін және олардың салдарын болжау, төтенше жағдаймен күрес бойынша жедел шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау болып табылады.

"Қазіргі уақытта қазақстандық құтқарушылар екі елді мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары жүргізуде. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Газиантеп қаласы бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жүргізілуде.

"Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 30 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.  

Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды", делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде. Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланылуда. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу