Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті

633

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.  

Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті Фото: facebook/kurmashev.mirus

Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті, деп хабарлады inbusiness.kz.

Жер сілкінісінен кейін Мируспен байланыс үзілген. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады" - деп жазды Мағжан Мәдиев әлеуметтік желіге.

Айта кетейік, әзірге Түркиядағы жер сілкіністерінен қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу