Түркиядағы зілзала құрбандары сағат сайын артып барады

596

Түркия мен Сириядағы  зілзаладан қайтыс болғандар саны 5000 -ға жетіп қалды. 

Түркиядағы зілзала құрбандары сағат сайын артып барады

Жарақат алғандары 20 мыңнан асады. Үйінді астында қалған денелер әлі табылып жатыр.  Ең сорақысы, Түркияның оңтүстік өңірінде басталған сілкініс орталыққа қарай ойысып барады. Қазір апат болған жерден  тұрғындарды маңайдағы ауылдарға көшіріп жатыр екен. Түрік ағайындар қарулы күштерін қосып барлық бағытта іздестіру жұмыстарына жұмылдыруда. Зілзала болған елге әлемнің 45 мемлекеті көмек көрсетпекші. Қазақстанда қалыс қалмай бір топ құтқарушыларын жіберді. 

Түркия мен Cирия шекарасындағы жерасты дүмпулері әлі тоқтамады. Антакья аймағынан 9 шақырым жерде 4,2 баллдық зілзала және Сирияның Алеппо қаласынан 86 шақырым аумақта дәл сондай сілкініс тіркелді. Апаттың құрбандары әлі есептеліп жатыр. Қирандылар астында қалғандарды құтқаруға елдің қарулы күштері де тартылды. Қазір 3 мың сарбаз сонда іздестіру жұмыстарына кіріскен.

"Мынау қирандының астында 12 отбасы қалды. Бірақ оларды шығаратын ешкім жоқ. Біз түнгі үштен бері өз күшімізбен тырысып жатырмыз. Бірақ құтқарушылар әлі келмеді", дейді жергілікті тұрғын.

Түркия елінде тұратын Қазақстандық Сара түнгі 4  шамасында қатты дүмпу болғанын айтады. Адамдардың барлығы сыртқа аптыққан. Қазір ондағы халықты апат болған аймақтан ауылдарға жеткізіп жатыр -, дейді. Сөзінше жауаптылар жер сілкінісі болып жатқаны жайлы ескертпеген. 

"Таңғы 4- шамасында барлығымыз сыртқа жанталастық. Өте қорқынышты болды. Қазір  жақын жердегі ауылдамыз. Таңға дейін паркте от жағып жылындық. Көлігі барлар көліктерінде отырды. Адамдар бір-біріне көмектесіп жатты. Бірақ бізді ешкім осындай апат болады деп ескертпеді", дейді Қазақстан азаматы Сара Сағытова.

Қазір әлем назары Түркияда. Ел Президентіне 45 мемлекет  басшысы көңіл айту хатын жолдады. Барлық ел көмек қолын созып жатыр. Соғыс жағдайындағы Украина да қалыс- қалмаймыз,- депті. Еуроодақ елдері мен Черногориядан құтқарушы команда аттанды. Ал Брюссель болса Сирияға гуманитарлық көмек жіберетін болды. Қазақстандық құтқарушылар  14 күн бойы сонда қызмет етеді.

Биыл іске қосылатын Түркиядағы Аккую атом электростансиясына да қауіп бар. Анталия шығанағындағы мекеме зілзала болған аймақтан алыс емес. Сондықтан Түрік билігі жағдайды бақылауда ұстау үшін барлығын жасап жатыр. Еуропалық комиссияда спутнигін қолдануға берді. 

"Еуроодақ Түркия билігіне қажет болатын төтенше картографиялық  спутниктік қызметін іске қосты", дейді Еуропалық комиссияның ресми өкілі Балаш Уйвари.

Біз қазір Түркия елшілігі қасында тұрмыз. Мұндағылар көмек көрсеткісі келетін азаматтардың қатары көп -, дейді.  Ол жақта апаттан қайтыс болғандар есептеп жатыр. Барлық шығын саналған соң  елшілік көңіл айтқысы келгендер мен көмек үшін есігімізді ашамыз дейді. Айта кетейік  Түркияда 12- не дейін Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Оқушылардың бәрі уақытша демалысқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу