Түркиядағы зілзала: Ыстанбұлдағы қазақтар 160 мың долларға тең гуманитарлық көмек жинады

672

Зілзаладан зардап шеккен өңірлерге  қажетті заттар жөнелтіліп жатыр.  

Түркиядағы зілзала: Ыстанбұлдағы қазақтар 160 мың долларға тең гуманитарлық көмек жинады Фото: www.nur.kz

Ыстанбұлдағы қазақтар Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге 160 мың долларға тең гуманитарлық көмек жинады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

"Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолдануда. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Бас консул Әлім Байел жылу жинаған Ыстанбұлдағы қазақтарға алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу