Түркияның батысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 76-ға жетіп, 962 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің төтенше жағдай және табиғи апат жөніндегі агенттік хабарлады. Бұған дейін 73 адамның ажал құшып, 961-інің жарақат алғаны жарияланған еді.
Еске сала кетсек, 6,6 магнитудалы жер дүмпуі елдің батысында 30 қазанда тіркелді. Мамандар оның эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар қаласы маңындағы Эгей теңізінде анықталды деп отыр. Жер сілкінісін сол жерге жақын орналасқан грек аралдары да сезген. Грекия сейсмологтары оның магнитудасы 6,9-ға дейін көтерілді деп мәлімдеді.
Соңғы дерек бойынша апат салдарынан Измирде кемінде 20 ғимарат қирап қалған. Дүмпулерден дейін сұрапыл дауыл көтеріліп, Сеферихисар қаласында ойран салған.
Табиғат Нұрболат
Фото: eadaily.com