Түркиядағы зілзаладан соң қамауға алынғандар саны 279-ға жетті

715

Ақпанда болған жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарға қатысты қамауға алынғандар саны күн сайын артуда, деп хабарлайды Inbusıness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркиядағы зілзаладан соң қамауға алынғандар саны 279-ға жетті Фото: Anadolu Agency

Құзырлы органдар тарапынан құлаған ғимараттарға жауапты адамдарды тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін Түркияның бас прокуратурасы адам өліміне әкеліп соқтырған сапасыз құрылысқа 1068 тұлғаның қатысы барын анықтаған.

Тергеу шаралары аясында 279 күдікті қамауға алынды, оның 99-ы мердігер, 149-ы құрылысқа жауапты, 13-і құрылыс иесі және 18-і ғимаратта өзгерту жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, 370 күдіктіге қатысты сот бақылауы тағайындалды, олардың 77-сі мердігер, 217-сі құрылысқа жауапты, 45-і ғимарат иелері және 31-і ғимаратқа өзгеріс енгізген.

Сонымен қатар, 250 күдіктіні ұстауға бұйрық берілсе, 95 күдіктіні қамауға алу туралы қаулы шығарылды.

Бас прокуратураның ұйғарымымен 2 адам қамауда болса, күдіктілердің 50-і өмірден өткені анықталды. Тергеу барысында 22 күдіктінің шетелде екені анықталып, ал 103-і мәлімдеме бергеннен кейін босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу