Түркиядағы зілзаладан жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

669

Түркиядағы зілзаладан жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

Түркияның қос аралы мен Грекия жағалауында тіркелген жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстандықтар жоқ. Мұны еліміздің сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов растады.

Айта кетейік, 6,7 балдық зілзала Түркияның Бодрум курортынан 10 шақырым және Грекияның Кос туристік аймағынан 16 шақырым қашықтықта тіркелді. Түрік билігі ондаған адамның жарақат алып, ауруханнаға жеткізілгенін хабарлады. Ондағы қазақстандық туристердің айтуынша, зілзала дүмпулері шамамен 10-реттей қайталанған. Сондықтан, барлық қонақүйлердегі демалушыларға далада түнеуге тура келген. Зілзала екпіні Түркияға қарағанда Грекияда қатты сезілген. Онда көптеген ғимараттар қираған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 100-ден астам жараланған. Марқұм болған екі адамды қабырға басып қалған. Қаза тапқандар Түркия мен Швеция азаматы екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу