Түркиядан экстрадицияланған экс-полицей қамауда көз жұмды

171

3 қазан күні оның жағдайы күрт нашарлап, Өскемендегі ауруханаға жатқызылған.  

Түркиядан экстрадицияланған экс-полицей қамауда көз жұмды Фото: Видеодан скриншот

Түркиядан үш апта бұрын экстрадицияланып, Өскемендегі тергеу изоляторына қамалған бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері көз жұмды. Бұл жағдайды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті ресми түрде растады, деп жазады inbusiness.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Өскемен қалалық ауруханасында тергеудегі азамат кенеттен қайтыс болған.

"Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – қос өкпе артериясының тромбоэмболиясы (тамырдың бітелуі). Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", – делінген ресми ақпаратта.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 3 қазан күні ол өзін жайсыз сезінгенін айтқаннан кейін жедел жәрдем шақырылып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Алайда 7 қазанда кенеттен көз жұмған.

Осыған дейін Бас прокуратура Түркиядан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен бұрынғы құқық қорғау қызметкерінің экстрадицияланғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу